Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әрине, жоқ. Райынан қайтарамын": Головкин ұлының боксқа келуіне қарсылық білдірді

Қазақстандық спортшы Геннадий Головкин шетелдік радиостанцияға берген сұхбатында ұлының өз жолын қууға жол бермейтінін айтты. Сондай-ақ, ол әйелінің ешуақытта жекпе-жектеріне бармайтынына тоқталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Головкин

Сурет: sports.kz

«Жоқ, менің әйелім ешуақытта жекпе-жектеріме бармайды. Қойыңыздаршы, бұл оның емес, менің ғана шаруам», - дейді спортшы. 

Осы орайда ол жекпе-жектерін көруге туған-туыстарынан тек інісінің келетінін айтты. Өзі боксты ерекше жақсы көрсе де, ұлдарының бұл жолға түсуіне қарсы екенін жеткізді. 

«Әрине, жоқ. Олар басқа жағдайда және өмірлері де басқа. Менің үлкен ұлым өте ақылды, ол қазірдің өзінде бірнеше тілді жетік меңгерген – жас ұрпақ! Олар біз секілді емес. Олар біз сияқты емес. Ал мен – үлкен мектеппін», - деді ол. 

Әрі қарай ол журналистің «Десе де ол бірде алдыңызға келіп: Маған сен айналысып жүрген нәрсе ұнайды. Мен де осылай жасағым келеді!» десе ше?Мұндайда не айтар едіңіз?» деген сауалына жауап берді. 

«Әрине, мен оны райынан қайтарамын. Бірақ ол өте ақылды бала, барлығын жақсы түсінеді. Оның жасында мен басқаша өмір сүрген едім. Маған оның қандай ортада тәрбиеленіп жатқаны ұнайды. Оның өмірі мүлдем бөлек. Ол ситуацияны менің тарапымнан түсінеді», - деді Геннадий Головкин. 

Сондай-ақ, 37 жасында өзін ерекше сергек сезінетінін айтып өтті. 

Естеріңізге сала кетсек, қазақстандық боксшының IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы белбеу үшін жекпе-жегі 5 қазан күні өтеді. Оның қарсыласы – украиналық Сергей Деревянченко. 

Талқылау