Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Махаббаттың мұнша ащы боларын білмедім": Димаштың видеосы жұртты сүйсіндірді (видео)

Димаш Құдайберген әннің сөзін ұмытып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әрі қарай Дінмұхамед айтсын

Димаш Құдайберген "Жестокая любовь" әнін Филип Киркоров және Игорь Крутоймен бірге орындап, талантын тағы бір мәрте дәлелдеген. Бұл туралы Игорь Крутой желідегі парақшасында бөлісіп, жазба қалдырды. 

"Қазаннан Сочиге қайтпас бұрын бірге кешкі ас іштік. Жас толқын", - деп жазды Игорь Крутой.

Игорь Крутойдың парақшасындағы бейнежазбада Димаш Құдайбергеннің танымал рессейлік жұлдыздармен бірлесе ән шырқағанын көруге болады. Әнді әуенмен Игорь Крутойдың өзі әрлеген. Дауысы өзгелерден ерекшеленіп тұрған Димашты рессейлік өнер адамдары бейнежазбада да әбден мақтаған.

Әнді жартысына дейін орындап, "Ары қарай Дінмұхамед айтсын", - деп мэр Ильсур Метшин рессейлік әншілердің орындауын бөліп жіберді. Артынша өнер адамдары Димашқа кезек берген. Алайда Димаш әннің сөзінен шатасып қалғанын жеткізіп "Ұмытып қалдым" деп күле салды.

Бейнежазбада Димаш Құдайбергеннің әкесі Қанат Айтбаев және мэр Ильсур Метшин де бар.

Талқылау