Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аргония: Мейрамбекпен дуэт жазу арманым, бірақ мені қабылдамады

Аргония лақап атымен танылған Арғын Аусаров Мейрамбек Бесбаевпен дуэт жазуды армандайды. Алайда бұл күннің ауылы алыс секілді. Себебі Аргонияның әндеріне сын айтқан Бесбаевтың онымен бірге ән айтуға құлқы жоқ. 

Бұл туралы "Ревю" бағдарламасында айтылды. 

Бірнеше хит әндердің авторы, әнші Арғын Аусаров әлі де ән жазу үстінде. Жеке альбомын жарыққа шығармақ. Ал болашақта Мейрамбек Бесбаевпен дуэт айтуды армандайды. 

"Қазір альбом жазып жатырмын. Жеке әндерім шығады. Менімен дуэт айтқандарды бөлек жазамын. Қайрат Нұртаспен айтқан әнім жақсы тарады. Айқынмен айтқан әнім жақсы шықты. Одан бөлек те дуэттерімнің өз орны бар. Дана Кентаймен бірге ән жазып жатырмын. Мейрамбек Бесбаевпен ән жазу арманым. Бірақ ол кісінің мені сынға алғанын бәрі біледі. Одан кейін кездеспедік. Мен туралы қандай ойда екенін білмеймін. Ол кісі мықты әнші ғой. Ұсыныс айтқан жоқпын. Мен секілді ұсыныс айтатындар көп қой. Одан нәтиже болады деп ойламаймын", - деді Аргония.



Айтуынша, Арғын Аусаров ТМД еліне танылу үшін орыс тілінде ән жазбақ. Ал табысты ән әлемінен алады. Өзгелер секілді басқа табыс көзі жоқ. 

"Менің уақытымның бәрі студиямда өтеді. Басқа табыс көзім жоқ. Әннен, әлеуметтік желіден ақша аламын. Орысша әндерім бар. Болашақта ТМД аумағына тарау үшін ән жазу ойымда бар. Кино әлеміне барғым келеді. Егер шақырту болып жатса, рөл ойнаудан бас тартпас едім", - деді ол.

Әнші бұған дейін өзіне сын айтқан өнердегі аға буын өкілдеріне ренішін айтқан еді. Әсіресе, Мейрамбек Бесбаевтың сынын ауыр қабылдағанын жеткізді.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 22 Ақпан, 2021 15:27
Талқылау