Аргентиналық әйелдер ел парламентінің алдында тыр жалаңаш шешінді (фото)
Аргентиналық әйелдер ел парламенті алдында өздерінің жай зат еместігін дәлелелдеу үшін тыр жалаңаш шешінді. Ерекше шара Urbanudismo қозғалысы аясында ұйымдастырылды. Шараға қатысушылардың өздері шараның сексуалды сипатқа да, провокациялық сипатқа да ие еместігін айтады, деп хабарлайды dailymail.co.uk.
Аргентина парламенті ғимаратының алдындатыр жалаңаш шешінген әйелдер емін-еркін қыдырды. Олар осылайша билікке сексуалды әділдікті орнатуды талап етпек.
«Біз сымбатымызға шектеу қоюға қарсымыз. Қоғамдық ортада денені көрсетуге деген қарсылықты жоюды қалаймыз», – дейді белсенділер.
Шара полицейлер келгенге дейін тек бірнеше уақытқа дейін жалғасты. Жалаңаш әйелдерді көрген тұрғындар полицияға хабар берді.
Urbanudismo қозғалысының белсенділері осы шара барысында әйелдердің қоғамдық орындарда сәбилерді емізуге рұқсат алу мәселесін көтерді.
Жіберіп алмаңыз:
80 жастағы қайыршы әйел өзіндік стилімен танымал болды (фото)
2,33 метрге жеткен американдық жігіттің бойы әлі де өсуде (фото)
Әлем бойынша ең үлкен кеуделі әйелдер тұратын мемлекет белгілі болды
Астаналық заңгер кеңсесінде 3 метрлік алып жыланды асырап отыр (фото, видео)