Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аргентинада Лионель Мессидің әйелінің дүкеніне шабуыл жасалды 

Аргентинаның Росарио қаласында белгісіз біреулер дүкенге оқ жаудырды. Бұл әйгілі футболшы Лионель Мессидің әйелі Антонелла Рокуццо отбасына тиесілі дүкендердің бірі деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

TyC Sports хабарлауынша,  куәгерлер мотоцикл мінген екі адам Антонелла Рокуццоға тиесілі дүкенге оқ атқанын көрген. 

Полиция қызметкерлері хат жазылған парақты тапты. Онда "Месси, біз сені күтеміз. Явкин (Росарио мэрі Пабло Явкин) есірткі сатушысы, ол саған көмектеспейді" деп жазылған.

Аргентина президенті Альберто Фернандес бұл істі бақылауға алды. 

Талқылау