Астанада Димаш пен Лара Фабиан бірге ән шырқайтын болды
Димаш пен Лара Фабиан «Астана-Аренада» алаңында бірге ән шырқайды. Бұл туралы бүгін «Қазақ әуендері» АҚ президенті Асхат Маемиров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Лара Фабианның өзі бірінші болып Димашпен бірге ән салғысы келетінін айтты. Ол Фэйсбукте өз директорына хабарласып, Димашпен танысқысы келетінін айтқан. Сондықтан, Димаш өзінің пиар-менеджері Алпамыс пен және әкесімен бірге Парижге барып келді. Лара Фабиан келісімін берді. Яғни, олар 25-26 маусым күндері дайындалып,27 маусым күні концерт береді»,-деді ол.
Оның айтуынша, қазір екі әнші репертуарын талқылап жатыр екен. Олар «Адажио» немесе «Дайдидау» әндерінің біреуін орындауы мүмкін.
Маемировтың сөзінше, концертте Димаш Лара Фабианға қарағанда көбірек ән салады.
Мәдениет және спорт министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында Арыстанбек Мұхамедиұлы 27 маусым күні «Астана-Аренада» Димаш Құдайбергеннің концерті өтетінін хабарлаған.
Оқи отырыңыз:
Қыз зорлаған жігіт жыныстық ләззат ала алмағаны үшін ақталып шықты
Отбасы жүкті болып қалған қыздарын 16 жыл бойы тыржалаңаш қамап ұстаған