Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әрең жұмыс істеп тұр": Тоқаев елдегі жылу орталықтарын сынға алды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент сессиясында елдегі жылу мәселесіне назар аударып, инфрақұрылымды дамыту керегін мәлімлелі деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

риддер тэц

Президент өз сөзінде қыста жылусыз қалған қалалар мен елдімекендерді тілге тиек етті. 

“Инфрақұрылымды дамытуға қатысты ұстанымдарды қайта қарау қажет. Биылғы қыстың қалай өткенін баршаңыз білесіздер. Қыстың көзі қырауда бірқатар аймақта қалалар мен елді мекендер жылусыз қалды. Әбден тозған энергетика инфрақұрылымы әрең жұмыс істеп тұр. Менің тапсырмаммен электр энергетикасы нарығын дамытудың жаңа үлгісі дайындалып жатыр. Сол арқылы осы салаға қосымша инвестиция тарту көзделіп отыр. Сондай-ақ бұл құжат осы саланың барынша ашық болуын қамтамасыз етпек”, – деді ол. 

Тоқаевтың сөзінше, қазір Мәжілістің қарауында электр энергетикасына қатысты үш заң жобасы бар. Сонымен қатар Ұлттық инфрақұрылым жоспарын қабылдауды ұсынды. 

“Депутаттық корпус заңнамадағы тиісті өзгертулерді шұғыл түрде қарап, қабылдауға тиіс. Коммуналдық желілердің әбден тозу салдарынан барлық өңірде дерлік қайта-қайта апат болып жатыр. Көптеген қалада жол, электр тарату желісі, газ құбыры секілді негізгі инфрақұрылымдардың тапшылығы қатты байқалады. Біз еліміздің инфрақұрылымдық қуатын қалыптастыруымыз қажет. Сондықтан мен Ұлттық инфрақұрылым жоспарын қабылдауды ұсынамын. Құжатта осы саладағы басты мәселелер ашық көрсетілуге тиіс. Сонымен бірге, 2029 жылға дейін іске асырылатын негізгі жобалар қамтылуы қажет", – деп мәлімдеді мемлекет басшысы. 
 

Талқылау