Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ардақ Назаров: Головкиннің тең түсуіне Альварестің промоутерінің ықпалы болып тұр

Қазақстандықтар Головкин мен Альварес тең түсті деген шешімге риза емес. Осы орайда Ардақ Назараов төрешілердің неліктен мұндай шешім жасағанын айтты.

17818601_405807703132429_8682841799833681920_n

“Расында жігіттер керемет бокс кешін сыйлады. Көрермендер арасында отырған Майк Тайсонның өзі бірнеше рет орнынан атып тұрып ризашылығын білдіріп жатты.

Кездесудің тең болуы себептері: біріншіден бүгін Мексика халқының тəуелсіздік күні. Егер жеңісті Генаға берсе осынша халықтың айтулы мерекесінде 122 млн-ға жуық Мексикалықтардың көңіл күйі əп сəтте жер болатыны. Екіншіден беделді промоутер (Мексикалық) Оскар Де Ла Хойяның ықпалы бұл жерде өте күшті.

Негізі жекпе-жекте Гена көптеген раундта қарсыласын тықсыра қуа отырып өз басымдығын көрсетіп ұпай санымен жеңді, бұған күмəн жоқ. Бірнеше раунд теке тіресте тең өткені де рас, соның ішінде Сауль Алварес тек екі раундта ғана жойқын соққысын дарытып басымдығын байқатты. Негізгі жеңіс біздікі. Бұл менің ойым, өз пікірім”, – деп жазды Назаров желідегі парақшасында.

Желі қолданушылар бұл пікірді қостай кетті. Олар бірауыздан қазақстандық сопртшы Геннадий Головкиннің басым түскенін айтып жатыр.

“Бұл шоу ғой”, “Дұрыс айтасыз, Головкин жеңуі тиіс болатыр”, “Жеңіс біздікі еді”, “төрешілердің тең түсіргені дұрыс емес” деп жазды желі қолданушылары.

Айта кеткен жөн, осы жолғы жекпе-жекті ұйымдастыруымен толығымен Альварестің жағы айналысты. GGG-дің промоутері – Том Лефлер бұл жұмысқа қатысқан жоқ. Екіжақты келісімнің шарты солай болды.

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мексикалық бокстың жарық жұлдызы – Сауль Альвареспен (49-1-1, 34 КО) қарсы жекпе-жекте тең түсті.

Талқылау