Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

"Әрбір екінші неке ажырасумен аяқталады": Әділет министрлігі отбасы қарым-қатынасындағы дағдарыс туралы

Фото: freepik.com

Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев елімізде әрбір екінші неке бұзылатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Үкімет сағатында әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Қазақстанда ажырасу саны кемімей тұрғанын айтты.

“Былтыр 61 080 ажырасу тіркелген, бұл неке қию санының (124 774) жартысына жуығына тең. Осы тұста отбасы институтын нығайту және балалардың мүдделерін қорғау бойынша жауапты мемлекеттік органдар кешенді жұмыс жүргізуі қажет деп санаймыз”, – деп атап өтті министр. 

Ол қоғамдағы бұрынғы құндылықтар жоғалып бара жатқанын тілге тиек етті.

“Статистика әр екінші неке бұзылып жатқанын көрсетіп отыр. Сәйкесінше, отбасы, оның ішінде балалар зардап шегеді. Бұл тұрғыдан алғанда сіз көтеріп отырған мәселе расымен ерекше назарды талап етеді. Бүгінде “қызыл” аймаққа енген 12 мың алимент төлеуге міндеттелген адам назар аудартады. Олар бойынша жеке сот орындаушылар тарапынан нүктелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Заң тұрғысынан алғанда әкімшілік жауапкершіліктен қылмыстық жауапкершілікке дейінгі барлық тетік бар. Бірақ мұнымен мәселе шешілмейтінін жақсы түсінеміз”, – деді ол.

Еске салсақ, Ерлан Сәрсембаев бұған қоса үкімет сағатында Қазақстанда алименттік мемлекеттік қор құру идеясын қолдамайтынын айтқан еді.

Айнұр Мұхади
Дүйсенбі, 21 Сәуір, 2025 15:21
Талқылау