"Әрбір азамат төлемді алуға құқылы": Министрлік қосылған құн салығын қайтару туралы ақпараттың жалған екенін айтты

Төленген ҚҚС сомаларын қайтару туралы ақпарат  жалған болып табылады  Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мұндай төлемдер туралы ақпаратты ресми түрде жоққа шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желілерде және бейне порталдарда «18 жастан асқан әрбір азамат төлемді алуға құқылы» деп аталатын бейнефильм таралуда.

Атап айтқанда, бейнеде бірнеше жыл ішінде төленген ҚҚС сомаларын қалай қалпына келтіру туралы айтылады. Алаяқтар азаматтарды ақшаны қайтару үшін жалған веб-сайтқа бағыттайды. Яғни көрермендер төленбеген қаражатты қайтару бойынша бірыңғай өтемақы орталығы веб-сайтына кіруі керек.

Жалған қайтару туралы нұсқаулық кезінде автор көрерменнен өзінің деректерін, банктік картаның нөмірін, сондай-ақ сіздің қаражатыңызға иелік ете алатын CVV / CVC кодын көрсетуін сұрайды. Бейне жазбада немесе жалған сайттың өзінде оң пікірлер болуы мүмкін, бұл жазбалар да шындыққа жанаспайды.  

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың басында Қазақстанда жаңа жыл қарсаңында алаяқтар құрған және YouTube-те тараған фишингтік интернет-ресурс анықталған болатын. Содан кейін, KZ-CERT сервисінің талдауы нәтижесінде "Интернет сегментіндегі фишинг/алаяқтық" деп жіктелген ақпараттық қауіпсіздік оқиғасы анықталды, мұнда пайдаланушылардың жеке деректері мен банктік карточкалары туралы мәліметтер жиналды.

Сондай-ақ, видео авторы жаңа заң жобасына сәйкес ҚҚС қайтару үрдісі барлық сатып алулар бойынша жүзеге асырылатынын хабарлады. Осы мақсаттар үшін "Төленбеген қаражатты қайтару үшін" Бірыңғай өтемақы орталығы" құрылды, делінген алаяқтардың таратқан хабарламасында.  

Министрлік барлық қазақстандықтарды қырағы болуға және жалған ақпарат көздерінен шыққан күмәнді ақпаратқа сенбеуге шақырамыз.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр