Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтау тұрғыны мүгедектігі бар көршісі үшін “шұрық-тесік” жолды өзі жөндеп, көпшілікті сүйсінтті

Ақтауда мүмкіндігі шектеулі көршісінің арбамен шұрық-тесік жолмен баласын балабақшаға апарып жүргенін көрген ер адам жолды өз бетімен жөндеуге кірісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото видеодан алынған

Әйелдің көршілері жергілікті биліктен көмек сұрап, үндеу жариялады. Видеода олар Ақтаудың 14-ықшамауданындағы 47-ғимараттан жақын маңдағы балабақшаға дейінгі шағын аумақты жөндеуді сұрайды.

Көршілерінің айтуынша, бұл аумақта жаяу жүргіншілер жолы жоқ. Сондықтан әйелге мүгедектер арбасымен тікелей жол бойымен жүруіне тура келеді. Бұл оның да баласының да өміріне қауіп төндіреді.

Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі жолдың бұл бөлігін жөндеуге уәде берген.

Алайда 14 ықшамаудандағы №45 үйдің тұрғыны әкімдікті күтіп отырмай, мүмкіндігі шектеулі әйел тұратын №47 үйдің жанындағы жолдағы шұңқырларды өз бетімен жөндеуге кіріскен. 

Фото видеодан алынған

Әлеуметтік желідегі видеодан ер адамның бұзылған жолдағы шұңқырларды өз бетімен жөндеп жатқанын көруге болады. 

Талқылау