Соңғы жаңалықтар

"Арамызда бала бар": Жас актер әнші Дана Кентаймен қарым-қатынасы туралы айтты

Қоянбаевтың "Бизнес по-казахский" фильмінен соң, көпшілікке "Еркош" лақап атымен танымал болған Рамазан Амантай актер ғана емес, ақын да. Эстрада жұлдыздарына сөз жазып жүрген ол әнші Дана Кентаймен арасында не бар екеніне жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Ревю" бағдарламасына сілтеп. 

рамазан амантай

Аңғал, әр басқан қадамы шытырманға алып келетін "Еркоштің" халық көңілінен шыққаны анық. Рамазан өзгеде салмақты рөлдерді алып шыға алатынына сенімді. 

"Абайдың балалық шағын ойнағым келеді. Мелодраммаларда ғашық жігіттің рөлін сомдағым келеді", - деп арманын айтып қалды. Рамазан Амантай.

Ғашықтықты жаны қалған серіні соңғы уақытта әнші Дана Кентайдың парақшасынан жиі байқаймыз. Шәй үстіндегі әңгімелері жиілеген қос өнерпазды не байланыстырады:

"Дана Кентай екеуміздің арамызда бала бар (күліп). Қалжыңдаймын. Тек шығармашылық байланыстырады. Әпкелік-інілік қарым-қатынасымыз жақсы. Бірден бауыр басып кеттік", - деп жауап берді ақын жігіт.

Тапсырысы көп ақын болсам да, гонорарға келгенде әпкем деп қарамаймын деген Раманзан Дана Кентайдан өзге эстрадамыздағы Қайрат Нұртас, Төреғали Төреали, Қуандық Рахым сынды хитмендердің әніне сөз жазған. 

Қаламақыға келгенде әншілер Рамазанды ренжітпейтін көрінеді. 

"Ақша бермейді екен, біреулері үйіне апарып жаздырады екен дегендердің бәрі өтірік әңгіме. Бәрі ақшамды береді", - дейді Рамазан. 

Сондықтан да басты нәпақасын миллиардер атанған Қоянбаевтің киносынан емес, ақындық талантынан табады екен. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр