"Араласқысы келетін ниетін байқамадым": Ақбота Керімбекова ұлының тойына экс жұбайының келмегеніне ренішін жасырмады
Фото: Видеодан скриншот
Танымал әнші Ақбота Керімбекова ұлының тойына экс күйеуінің келмегенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі жақында екінші ұлы Ақанды үйлендірген еді. Эстрада жұлдызы журналист Ләйлә Сұлтанқызымен сырласты.
“Әкесін тойына шақыру немесе шақырмауды ұлымның өзіне қалдырдым. Бірақ ұлым да ақыл тоқтатқан азамат. Әкелерінің жағына онша хабарласқысы келмеді. Үлкен ұлымның да тойына шақырдық. Ол кезде келді. Барлық ағайын-туманың басын қостық. Араласқысы келетін ниетін байқамадым. Қазір біреуге ренжіп, өкпелейтін заман емес. Олармен қас-дұшпандығымыз жоқ. Ұлымның өзі де соны байқаған болуы керек. Негізі, үлкен той алда болады. Бәлкім, соған келіп қалар. Ұлдары бар екені еске түссе, көрерміз”, – деді Ақбота.
-
"Ер-азаматтарыма мүмкіндік бермедім": Үш рет тұрмыс құрған Ақбота Керімбекова жан сырын ақтарды
-
"Өзімнің бриллианттарым ойнамай қалды": Айгүл Иманбаева әріптесі Ақбота Керімбекованың тойында алған сыйлықтарын көрсетті
Сондай-ақ әнші балаларының бәрін анасы баққанын жасырмады. Сөзінше, босана салып, жқмысқа шығып кеткен.
“Ұлдарымды дүниеге әкелгенім болмаса, баққан – анам. Босанғаннан кейін бірден жұмысқа шығып кеттім. Ер-азаматым болмағасын, жауапкершілікті өзім арқаладым. Балаларым үшін үйді де салдым. Ертең біреудің қолына қарамасын деп оқыттым. Өзімнің тағдырым басқаша болды. Әйелдің қолына қараған адам, еркек емес деген ой түйдім. Сол үшін де балаларымды аяқтандыруым керек екенін бірден түсіндім. Үш ер баланы нағыз азамат етіп тәрбиелеу оңай емес”, – деді әнші.