370 мың теңгесін қателесіп аударып жіберген қызылордалық тұрғын ақшаны қайтармаған әйелді сотқа берді
Қызылорда облысының тұрғыны 370 мың теңгеcін қателесіп аударып жіберген әйелдің үстінен сотқа шағым түсірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Іс материалдарына сәйкес, ер адам банктің мобильді қосымшасы арқылы өзінің басқа банктегі шотына ақша аударып жатқан кезде, нөмірді қате теріп, ақшаны басқа есепшотқа аударған. Алушыны анықтап, онымен төлемді қайтаруға келіскен. Алайда ақшаны алушы тарап өз міндеттемелерін орындауға асықпаған, осыған байланысты талапкер соманы өндіру туралы талап арызымен сотқа жүгінуге мәжбүр болған.
Төреші-медиатор соттасушы тараптармен әңгімелесу барысында дауды сотқа дейін реттеудің жаңа тетігі болып табылатын "сотқа дейінгі хаттама" жасау арқылы татуластырудың пайдасы мен салдарын түсіндірді.
Татуласу рәсімінің нәтижесінде тараптар хаттама жасап, медиациялық келісім жасасты.
Келісімнің талаптары бойынша әйел ақшаны олар белгілеген мерзімде қайтаруға міндеттелді.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
