Арал теңізі қайта қалпына келіп, су деңгейі бес метр көтерілді
Фото: Sputnik / Мария Науменко
Кезінде дүниежүзіндегі ең үлкен көл болған Арал теңізі қазір ауыр экологиялық апатты бастан кешіріп жатыр. Ол қазір толығымен құрғап, өңірдің табиғаты мен тұрғындарына кері әсер етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Эколог Нина Пикуль @seredin YouTube арнасына берген сұхбатында Арал теңізінің солтүстік бөлігі қалпына келтірілгенін айтты. Оның айтуынша, Көкарал бөгеті салынған соң Арал теңізіндегі су деңгейі бес метр көтеріліп, өңірде өзіндік микроклимат қалыптаса бастаған.
"Халық Арал теңізінің солтүстік бөлігін қайтарып алуда жақсы жұмыс істеді. Біздің де жоспарымыз бар, бірақ олар жөнді орындалмай жатыр. Мысалы, біз шығарған балықтар Қазақстан шекарасынан шығып кетті", – деді эколог.
Бұл Қазақстан аумағындағы су айдындарын және биологиялық алуан түрлілікті сақтау бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстың нәтижесі бар екенін көрсетеді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев трансшекаралық су ресурстарын пайдаланудағы ұтымды көзқарастың маңызы туралы бірнеше рет айтқан еді. 6 шілдеде өткен Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті барысында Тоқаев Арал мәселесін көтерді. Аймақ елдерін Орталық Азияның ірі су қоймаларын сақтап қалу үшін бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.
"Арал теңізінің құрғап, шөлге айналуы – алаңдатарлық мәселе. Экологиялық апатқа ұшыраған аймақты оңалту керек. Бұған қоса, трансшекаралық өзендердің су қорын тиімді пайдалану қажет. Ол үшін су үнемдеу технологияларын кеңінен қолдану керек", – деді мемлекет басшысы.
Айта кетейік, бұған дейін ҚазМұнайГаздың қолдауымен Арал теңізінің құрғаған табанына 4,4 миллионнан астам сексеуіл көшеттері егілетіні туралы жазған едік.

“Газ плитасы, күннен қуат алатын панельдер алып дайындаламыз”: Алакөлде шатырда қонып жүрген қазақстандық отбасы жабайы демалысты дәстүрге айналдырған
