Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Араққа салынып кеткен азаматтар жоқ": Қарағанды облысында тағы бір ауылдың тұрғындары ішімдіктен бас тартты

Қарағанды облысында тағы бір ауылдың тұрғындары ішімдіктен бас тартты. Осы жолы Ақтоғай ауданы Абай ауылында тұрғындар "Ішімдіксіз ауыл" бастамасын қолдап, арақ-шарапты қоқыс жәшігіне лақтыруда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Арақтың зарарсыздандыратын қасиеті бары рас па?

Деректерге сай бүгінде аталған аймақта арақсыз өмір сүруге көшкен ауылдардың саны 12-ге жеткен. 

Абай ауылында 41 отбасы тұрады. Мұндағы халықтың мақсаты салауатты өмір салтына бет бұрып, азаматтардың маскүнемдікке салынуына жол бермеу. Одан бөлек, бұл қылмыс санын азайтуға септігін тигізеді деп сенеді.

“Ауылымыз арақтан бас тартып жатқаны өте игі іс болды. Ең бірінші бас тартудың себебі мынау жас ұрпақтарға имандылық тәрбиесін беру. Біздің ауылымызда араққа салынып кеткен аса бір азаматтар жоқ, әрине. Бірақ сонда да арақтың ешқандай да абырой әкелмейтнінін олар жақсы біледі”, – деді тұрғын Айтқадиша Айтжанова. 

Енді тұрғындар той-тоймалақ, қуаныштарда дастархан басына арақ-шарап қоймайтын болып келісті. 
“Ауылымыздың ақсақалдары аналары, ауылымыздың жастары осы арақтың зардабын көріп отырған отбасы мүшелері тарапынан әкімдікке ұсыныс келген болатын. Олар дүкендерде арақ сатылмаса, қандай да бір қуаныш болсын, арақ құйылмаса деген өтініш айтты”, –  деді Абай ауылының әкімі Қайыржан Тұрғанбеков.

Талқылау