Шетелдік Terminals Holding компаниясы Астана әуежайында ұшу-қону жолағын салмайтын болды

Алматы әуежайын басқарған арабтық Terminals Holding компаниясы Астана әуежайында ұшу-қону жолағын салу жобасынан шығып кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек СЦК-де өткен брифингте мәлімдеді.
Жеңіс Қасымбектің айтуынша, ынтымақтастықты тоқтату туралы шешім Terminals Holding компаниясының бастамасымен қабылданған және тараптар арасында өзара талап-арыздар болмаған. Енді екінші ұшу-қону жолағын салу жұмыстары әуежайдың өз күшімен жүзеге асырылмақ.
“Қазіргі таңда әуежай белгілі бір деңгейге жетті және биыл 8,5–9 миллион жолаушыға қызмет көрсетеді, бұл іс жүзінде жобалық қуатқа сәйкес келеді. Алайда екінші ұшу-қону жолағын салу қажет. Terminals Holding ағымдағы жөндеу жұмыстарына инвестиция салды. Биыл күзде де ұшу-қону жолағында жұмыстар жүргізілгенін білесіздер. Бірақ әуежайды одан әрі дамыту және оның қуатын жылына 16–18 миллион жолаушыға дейін арттыру үшін екінші жолақты салу қажет. Инвестициялық міндеттемелерді орындау қарқыны бойынша келіспеушіліктер туындады, сондықтан бұл жобаны оларсыз іске асыратын болып келістік. Сонымен қатар жалпы жағдайды бағалап, қосымша оператордың қажет-қажет еместігін шешеміз”, – деді Қасымбек.
Еске салсақ, Астана әуежайында жолаушылар ағыны 10 миллион адамға жеткеннен кейін үшінші жолаушылар терминалы салынатыны туралы жазғанбыз.
Қолданыста жүргеніне 50 жылдан асқан: Астанадан ұшқан қазақстандық ұшақтағы түсқағазды көріп жағасын ұстады (видео)