Арабтар басқарып келген Астана әуежайы әкімдік меншігіне қайтарылды
Астана халықаралық әуежайы қалалық әкімдіктіктің меншігіне өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: nn-airport.kz
Астана әуежайы бұған дейін "Terminals Astana Airport Management" деп аталатын араб компаниясының басқаруында болған.
“Terminals Astana Airport Management LLP араб компаниясымен жасалған сенімгерлік басқару шартының мерзімінің аяқталуына байланысты "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ акцияларының 100 пайызы Астана қаласының коммуналдық меншігіне өтті. 2025 жылдың 7 қаңтарында мерзімі аяқталған сенімгерлік басқару шарты 2023 жылдың 7 қарашасынан басталған”, - делінген әкімдік хабарламасында.
Әкімдік "Terminals Astana Airport Management" ЖШС арасында жаңа келісім шарт жасасуға дайындық жүріп жатқанын атап өтті.
Еске салсақ, бұған дейін Павлодар әуежайы жекеменшікке берілетіні туралы жазған едік.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген