Араб жігітіне тұрмысқа шығып қалың малға 10 миллион теңге алған қазақ қызы қазір қайда?
Былтыр Сауд Арабиясының жігітіне тұрмысқа шыққан Динара Мұсабаева қалың малға 10 миллион теңге алып желіні жарған болатын. Алайда қазақ қызы 10 миллионды айтарлықтай көп ақша деп санамайды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Қыздар-ай” бағдарламасына сілтеме жасап.
Араб жігітіне көңілі ауған Динара Мұсабаева тұрмыс құрғанына бір жылдан асты. Шетелдік күйеуімен Шымкент қаласында тұрып жатыр.
Бағдарлама жүргізушісінің: “Араб жігітіне тұрмысқа шығамын” дегеніңде анаң қалай қабылдады?” деген сауалына Динара: “Анам жақсы қабылдады. Себебі мен бірінші некеден кейін 10 жылдай жүріп қалдым. Анам менің бақытты болғанымды қалады. “Ақша үшін тұрмысқа шықты” дейтіндерге айтарым, 10 миллион деген 100 миллион емес қой. Екеуіміз кездесіп жүргенде ол маған 10 миллионның талайын жұмсаған. Оларда қалың мал жоқ, қызға мәһр береді. Мен күйеуіме осынша қалың мал әкелесің деп айтпадым, тек үш бөлмелі пәтер әперсең болды деп өтініш жасадым. Өтінішімді орындады”, – деп жауап берді.
Динара тойдың тыныш өткенін қалаған. Алайда келген қонақтар мен көршілер қалыңдықтың бұл өтінішін ескермеген. Осылайша араб жігітінің енесіне қалың мал салынған конвертті табыстап жатқан видеосы әлеуметтік желіге тарап кетті.
Сондай-ақ Динара шетелдік күйеуімен қалай танысқанын баяндап берді.
“Біз Дубайда таныстық. Мен 2017 жылдан 2020 жылға дейін Дубайда лашмэйкер болып жұмыс жасадым. Күйеуіммен 2020 жылы танысып, екі жылдай қыз-жігіт болып кездестік. Ол Сауд Арабиясының азаматы. Күйеуім маған ханшайымдай қарайды. Сонысымен мені баурап алды. Алдағы уақытта Сауд Арабиясына көшеміз. Қазіргі уақытта Шымкентте тұрып жатқанымыздың себебі мен орануға әлі дайын болмадым. Маған мәжбүрлі түрде ормал таққанын қаламаймын. Күйеуіме де орамалға өзінің қалауыммен келгімі келетінін айттым. Ал қазір дайын сияқтымын. Жақында Сауд Арабиясын көшеміз деп жосарлап отырмыз”, – дейдң Динара.
“Араб жігіттер көп әйел алуға бейім. Ол жағына қалай қарайсың? Күйеуіңе рұқсат етесің бе?” деген Жанар Айжанованың сұрағына Динара: “Жоқ, шариғат бойынша әйелі келісім бермейінше олар екінші әйел ала алмайды. Сол себепті біз алдын ала келісіп алғанбыз. Мен бірінші күйеуіммен де сол үшін ажырасқанмын”, – деп жауап берді.