Түрлі қылмыс жасаған ең бай саналатын 11 модель (фото)
Модельдер әр елге сапар шеге жүріп, миллиондап табыс тауып жатады. Алайда көп модельдер байлығы мен атағын шектен тыс пайдаланып кететін жағдайлар жетерлік. Біз солардың ішінде заң шеңберінен шығып, қамауға алынғандар жайлы айтпақпыз.
Бұл туралы bigpicture.ru хабарлайды.
Ноами Кэмпбелл 4 рет істі болған. 1998-2009 жылдар арасында оған 11 арыз-шағым түскен. 2000 жылы ақпан айында ол өз ассистендіне тиіскенін мойындаған. 2009 жылы әуежайдағы екі полицейге тиісіп, оны қара тізімге енгізген де кездері болған.
1980-1990 жылдары Стефани Сеймур журнал мұқабасына шықса, 2016 жылы оғаш мінезімен танылды. Оны ішімдік ішкені үшін айыптады. Ол сотта бойына батылдық жинап, кешірім сұраған.
Израильдік модель Бар Рафаэль мен ұлы 2015 жылы салық төлеуден жалтарғаны үшін құрықталды. 31 жастағы Бар әлемдегі ең табысты модельдерінің бірі. Оның табысы 20 млн долларға бағаланған.
Бұл жігіт көп адамдарға суық жүзімен танымал. 2010 жылы Ник Снайдер ішімдік ішкені және қоғамдық ортадағы тәртіпсіздігі үшін ұсталып, кейіннен полициямен келісіп, өзін босатуды сұраған.
1987 жылы Джерри Холл есірткі сақтағаны үшін айыпталуы тиіс болған. Алайда бұрын кездескен Мик Дэжаггер мен 4 адвокаттың араласуымен ол айыптан босатылған.
2011 жылы Надя Ауэрман мен күйеуі салық төлемегені үшін сот алдында жауап берді. Ол резидентінің Монако герцогі екенін айтқан. Алайда, неміс салық органдары оның Германияда көп жылдан бері тұрып келе жатқандықтан оның 300 мың доллар салық төлеуі керек екенін дәлелдеп берген.
Джессика Уайт 2011 жылы достарымен бірге клубда көңіл көтеріп, таңға жуық өзге әйелмен жанжалдасып қалған. Дау соңы оның кішігірім құқықбұзу әрекеттеріне ұласқан.
2015 жылы Аян Али Исламабад әуежайында 500 мың доллар ақшаны қолға ұстап жүрген жерінен ұсталған.
Симон Фэрроу өз пәтерінде үлкен көлемде есірткі сақтағаны үшін айыпталған. Ол есірткілерді ваннаға арналған тұз ыдыстарында сақтаған.
2009 жылы Карен Мюлдер пластикалық ота жасап, өзі күткендей нәтиже болмаған соң отаға дейінгі түрін қайта жасап беру үшін дәрігерді сотқа берген.
Dior и Versace брендерімен жұмыс істеген атақты модель Джиа Каранджи есірткіге тәуелділігімен күрескен. Алайда, 1981 жылы ол есірткі шегіп, ішімдік ішкені үшін ұсталған.
Жіберіп алмаңыз:
Жіңішке белді астаналық модельдің құпиясы (фото)
Тайландтық модель силиконнан жасалған төсті қалай ажыратуға болатынын көрсетті (видео,фото)