Әр студентке 3000 теңгеден таратылсын: Желіде Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан аккаунт ашылған
Қазнетте Қасым-Жомарт Тоқаевтың Twitter-дегі ресми парақшасынан алынған скриншоттар жарияланды. Онда Президенттің атынан студенттерге пиццерия мен суши дүкендеріне және т.б. сертификаттар беріледі делінген. Бұл – фейк, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Скриншоттар графикалық редакторларда өңдеу арқылы жасалған. Олардың кейбірі бастапқыда Instagram-да @QazNews24 сатиралық аккаунтында жарияланып, кейін басқа пайдаланушылар арасында тараған", - деп жазады Stopfake.kz.
Мемлекет басшысының ресми парақшаларында мұндай хабарламалар жоқ.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресми аккаунттары Twitter және Instagram әлеуметтік желілерінде бар.
Сондай-ақ Президенттің қызметі туралы өзекті ақпаратты Ақорда парақшаларынан алуға болады.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”