Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әр нәрсенің соңы болады": Ғабидолла Әбдірахымов отставкаға кетуі туралы

Шымкент қаласының бұрынғы әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қызметінен кеткен соң, желідегі парақшасында өзінің қимастықпен кетіп бара жатқаны туралы жазба қалдырды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары! Қымбатты достар! Мен үшін Шымкент қаласының әкімі болып жұмыс істегенім үлкен мәртебе және мақтаныш. Осындай мүмкіншілік берген Елбасымызға, Президентімізге алғысымді білдіремін. Қолдан келгенше қаланың дамуына әріптестерлермен атсалыстым. Мен Шымкент халқына өте ризамын! Сіздер әрқашан мені қолдадыңыздар. Өзімді өте бақытты адам ретінде сезініп жүрдім. Әр нәрсенің соңы болады бұл өмірде. Жаңалықтар да болады. Жаңадан келген қала басшысына сәттілік тілеймін. Барлықтарыңызға үлкен алғыс айтып, басымды иемін! Аман болыңыздар! Шымкент жайнай берсін!", - деп жазды бұрынғы әкім өзінің Instagram-парақшасында.

Бұл ретте шырайлы Шымкент тұрғындары мен желі оқырмандары бұрынғы әкімге ары қарай жұмысында сәттілік тіледі. 

Айта кетсек, Ғабидолла Әбдірахымов Шымкент қаласы әкімі қызметінен босатылып, оның орнына Ерлан Айтаханов келді. Ол Түркістан облысы, Отырар ауданының әкімі болған. Ерлан Айтаханов - экс сенатор Қуаныш Айтахановтың ұлы. ️

STAN.KZ
Сейсенбі, 30 Шілде, 2019 20:34
Талқылау