Әр қалада қызы тұрмысқа шығатынын айтқанда аналары қалай қабылдайды (видео)
Желіде әр қалада қызы тұрмысқа шығатынын айтқанда аналарының қалай қабылдайтынын көрсеткен әзіл видео пайда болды.
Видео Instagram желісінің ztb_video парақшасында жарияланды.
Видеодан Алматы, Астана, Шымкент, Шу, Петропавл сынды қалалардағы аналардың қызының тұрмысқа шығатыны жайлы пікіріне деген реакциясы көрсетіледі.
Желі қолданушыларының көпшілігі кейіпкер жігіттің әйел адам болып киінгенін сөкті. Олар осылайша аналарды ренжітетінін, видеоның сәтсіз идеға құрылғанын айтады. Мұны қалжыңға балап, күлкіге қарық болғандар да табылды.
Талқылау