Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Батыс Қазақстан облысында ерекше балаларға арналған АРТ терапия үйірмесі және мамандандырылған түзету-дамыту орталығы ашылды

25 тамыз күні ерекше білім беруді қажет ететін балаларға сапалы білім беріп , тәрбиелеу және оңалту мақсатындағы Республикалық "Балалар инклюзивті академиясы" қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының - ерекше балаларға арналған АРТ терапия үйірмесі және мамандандырылған түзету-дамыту орталығының ашылуы өтті. 

Орталықтың ерекшелігі – балаларды тегін түрде инклюзивті, арнайы, қосымша, спорттық және шығармашылық оқытуды ұйымдастыруында. Алматы қаласында бастау алған жобаның иесі- Үздік педагог, бірнеше үздік жобалардың авторы Нұрғалиев Нұрым. Республиканың жарты аймағында филиалы бар орталықтың Алматы, Қостанай, Рудни қалаларынан кейінгі 4-болып БҚО-да ашылып отырғаны көңілге қуаныш ұялатады. Балалармен жұмыс жүргізуге дайын тұрған оқу орталығының лентасын кесуге Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының бөлім басшысы Кенжин Нұрлан Серікұлы арнайы келді. Шара барысында Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Дильдаш Искакова, Орал қаласының психологиялық - дәрігерлік педагогикалық кеңес беру мекемесінің басшысы Узыпа Сатыбалдиева бой көрсетті.

Орталықта Арт-терапия үйірмесі және логопед, дефектолог, психолог, денешынықтыру мамандары коррекциялық жұмыс жүргізеді. Стандартқа сай құрал-жабдық, техникамен қамтылған орталық филиалының директоры "Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері, "Үздік педагог" Күнайым Түйешіқызының айтуынша бүгінгі таңда 72 баламен жұмыс жүргізілуде.

Жалпы 96 баламен жұмыс жасау жоспарланған.

Шара барысында балалар клубының мүшелері өнерлерін көрсетіп, ата-аталар мен балалардың көңілін көтерді. Филиал жұмысының жүруіне қолдау көрсетіп, балалар үшін демеушілік көрсеткен азаматтар да жоқ емес.

Оқу бөлмесін парта отырғыштармен жабдықтап, балалардың білім алуына қолдау көрсеткен, Әл- Фараби оқу-өнер орталығының директоры Молдагалиев Асхат Есенұлы, "ҒИБАДАТ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ағайынды Біржан, Ержан Марякұлдары 10 баланың киім ілетін сөресі, шахмат столы, балалардың жүріп тұруына қолай арба т.б сыйға тартты.

Логопед, дефектолог мамандарды дамыту, жаттықтыру құралдарымен қамтамасыз етуге ат салысқан "Уральсктойс" дамытушы ойыншықтар дүкенінің меңгерушісі Нагимова Алтынгүл Азаматқызы.

Ерекше балаларға арналған тегін орталықтың ашылатын естіген қала тұрғыны Тлеушов Нұрлан Халиоллаұлы молберд тақтаны сыйға тартса, спорттық "жүгіру жолы" (Беговая дорошка) жабдығымен көмектескен қала тұрғыны Мирас деген азамат. Шара өз мақсатына жетіп, сәтті аяқталды.

Талқылау