Қазақстандықтарға шетелге шығар кезде "басын қосып ойлануға" кеңес берілді
Сенат кулуарында журналистер Сыртқы істер вице-министр Роман Василенкодан отандастарымыз бармауы керек елдер тізімі туралы сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Сенат кулуары
Ол мұндай тізімдер жарияланбайтынын атап өтті.
"Менің білуімше, біз мұндай тізімдерді жарияламаймыз. Біздің министрлік сайтында Қазақстанның қай елдермен визасыз режимі бар екені жарияланады. Виза талап ететін елдердің тізімі де бар. Бірақ біз әрдайым шетелге шыққан азаматтарға, қарапайым тілмен айтқанда миды қосып, бару қажет пе деген сұраққа жауап іздеп, төнуі мүмкін қауіпті өз бетінше бағалауы керек деп ашық айтамыз. Егер соғыс жүріп жатқан ел болса, Жерорта теңізінің жағалауында орналасса да шипажайға барудың қажеті жоқ екені белгілі", – деді министр орынбасары.
Бұған дейін Роман Василенко биыл жазда Астанада өтетін халықаралық форумға тәліптер шақырылғаны туралы ақпаратқа түсініктеме бергенін жаздық.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”