AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әр 15 минут сайын бір сәби дүниеге келеді: Шымкент перзентханаларында орын тапшы

Шымкентте бала туу көрсеткіші өскен. Былтырдың өзінде көрсеткіш жылдағыдан 5 мыңға артқан. Сол себепті шырайлы қала жаңа перинаталды орталыққа мұқтаж. Шымкентте әр 15 минут сайын бір сәби өмір есігін ашады. Бұл көрсеткіш жылдағыдан әлдеқайда көп. Мәселен, өткен жылдың өзінде мегаполисте 33 мыңнан астам бала дүниеге келген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап. 

бала

"Бала туу көрсеткіші өсті. Пандемия кезінен бері ай сайын босануға келетін аналар саны көбейіп отыр. Бір күнде біздің перзентханада 50-60-қа жуық бала өмірге келеді", – дейді перзентхана меңгерушісі Гүлмира Қоңырбаева. 

Валентина Зарапина үшінші қызын дүниеге әкелді. Ол көп балалы ана болуды армандайды. Осылайша шымкенттіктер қатары күн өткен сайын толысып келеді. 

"Үйде екі қызым күтіп отыр. Міне, үшінші қарлығашым дүниеге келді. Енді ұлым болса деп армандаймын", – дейді қала тұрғыны Валентина Зарапина.  

Қазір Шымкентте 4 перзентхана жұмыс істеп тұр. Бірақ орынның жетіспеушілігіне байланысты жаңа босанған аналар үйлеріне ерте шығарылады. 

"Қазір бізде акушерлік төсек-орын жетпейді. Болашақта жаңа перинаталдық орталық құрылысын бастау жоспарланып отыр. Сондай-ақ қазір салынып жатқан көпбейінді ауруханаларды босандыру бөлімшелерімен қамтамасыз ету көзделіп отыр", – дейді қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Сәуле Дүйсенбаева.

Келешекте 153 анаға шақталған қалалық перзентхананы ұлғайту көзделіп отыр. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бұл жеке перинаталды орталығы бар көпбейінді аурухана болмақ. Шымкенттік аналар шаһарда тағы бір перзентхана салынады деп үміттеніп отыр.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр