Ақтөбеде әкімдік ғимараты өртке оранды (видео)

Ақтөбеде облыс әкімдігінің ғимараты өртке оранды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 6 қабатты әкімшілік ғимараттың шатыры өртенген. Алғашқы бөлімшелер келген кезде ашық жану анықталған. Өрттің аумағы нақтылануда.
“Оқиға орнына ТЖД күштері мен құралдары жедел түрде келіп жетті. Дереу өрт сөндіру оқпандары беріліп, өртті толық жою бойынша барлық шаралар қабылданды. Судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді. Адамдарды эвакуациялау жүргізіліп жатыр. Оқиға орнында жедел штаб құрылды. Қазіргі уақытта 112 нөміріне зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ”, – деп хабарлады Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Астанадағы шолу дөңгелегінен өрт шықты (видео)
ОқыңызТЖД өрттің толық сөндірілгенін хабарлады. Өрттен зардап шеккендер жоқ.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған
Тұрғын: "Ер адам баланың ұлы екенін, жай ғана үйге кіргісі келмей тұрғанын айтты”
Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты