Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аптасына 7 күн қайырымдылықпен айналысатын астаналық жұртты тамсандырды

6 жастағы Әли бала сал дертіне шалдыққан. Үнемі ем-дом шараларына барып отыруы қажет. Бірақ, үш бала тәрбиелеп отырған Айгүл Ысқақованың күн сайын такси жалдайтын ақшасы жоқ. Әлеуметтік желі арқылы танысқан Арман Шекімов оны ауруханаға тегін апарып отыруға келіскен.

дблдб

Бұл туралы “Пендеміз ғой” бағдарламасында айтылды.

“Арманды Алланың өзі жіберген пендесі деп білемін. Әлиге жасап жатқан жақсылығы өте көп. Арманға мың алғыс айтқым келеді”, – дейді Айгүл Ысқақова.

Арман Шекімов көмек көрсететін отбасы бұл ғана емес, тағы он адамды тасылмайды. Қалаған жерлеріне апарып қана қоймай, құжаттарын реттеуге көмектесіп отырады екен.

“2013 жылы ауыр жол апатына түсіп, комада 9 күн жаттым. Оянған соң дәрігерлер сал болып қалғанымды айтты. Бірақ, мен бұл диагнозға емес, жаратушы Аллаға сендім. Аяғымнан нық тұрып, өмірімді игі жақсылықтар жасауға арнаймын деп шешім қабылдадым. Көкшетау, Қарағанды, Петропавл қалаларында науқастанып жатқан адамдар өте көп. Осы қалалардан балалар маған басындағы жағдайлары туралы жазып жібереді. Мен барып көмектесемін.

Жуырда Көкшетау қаласына барып қайттым. Күнделікті бір немесе кейде он адамға дейін көмектесемін. Астана қаласында 10 жас жігіт маған қосылғысы келетіндерін айтты. Мен шетелге жиі шығамын. Бірақ, басқаларға қарағанда біздің мемлекетіміздің адамдары өте ақкөңіл болып келеді. Бір жақсылық жасасаң, ол саған Алладан он есе болып қайтады. Сол себепті, қандай жағдай болмасын өзгелерге қол ұшын созуға уақыт табылады деп ойлаймын. Аптасына жеті күннің барлығында қайырымдылық жасаймын. Ал жалпы өзім бизнес саласында оқытушымын”, – дейді Арман Шекімов.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Түркістандық қыз өзінің күйеуге үшінші әйел болып шыққанын білмей қалған

Қазақстандық ене тәрбиелі келіндері туралы айтып мақтанды

Қазақстандық ене өзін күтушіге айналдырған келінінен көрген қорлығы туралы айтып налыды

38 жастағы ер адам әйелі мен көңілдесі арасында таңдау жасай алмай қиналғанын айтты

Талқылау