Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Польшада қызметкерлердің жұмыс уақыты 3 күнге дейін қысқартылады, бірақ жалақылары өзгермейді

Фото: Pixabay.com

Польшаның отбасы, еңбек және әлеуметтік саясат министрлігі жұмыс уақытын қысқарту бойынша пилоттық жобаны іске қосып жатыр. Осы арқылы елдегі демографияны дұрыстап, тұрғындар отбасына, өзіне, денсаулығына көбірек көңіл бөле алады дейді. 

30 маусымнан бастап қызметкерлер 8 сағаттың орнына 6 сағат жұмыс істей алады, аптасына үш күн демалады немесе қосымша демалыс күндерін ала алады. Бастысы – олардың жалақысы өзгеріссіз қалады.

Жобаға компаниялар, мемлекеттік органдар, қорлар, қауымдастықтар және кәсіподақтар қатыса алады. Жобаның бірінші жылына Еңбек қорынан 10 миллион злот (1,4 миллиард теңге) бөлінді.

Енді польшалық қызметкерлер үш ұсыныстың бірі таңдай алады:

жұмыс күнін 6 сағатқа дейін қысқарту;
3 күндік демалыс күніне көшу;
қосымша демалыс күндерін алу.

Мақсат – жалпы жұмыс уақытын жылына 20% қысқарту.

Влоцлавек билігі әкімдік пен ведомстволық бағынышты ұйымдардың қызметкерлері үшін 35 сағаттық жұмыс аптасын енгізді. Бұл кестемен бірнеше мың адам жұмыс істеп бастады.


"Жұмыс уақытын өзі реттей алады": Еңбек вице-министрі бірыңғай уақыт белдеуін алып тастаудың қажеті жоқ екенін айтты


Қытайда туу санын арттыру үшін жастардың жұмыс уақыты қысқартылады


Herbapol Poznań компаниясы бұл идеяға күмәнмен қарағанымен, қысқартылған жұмыс күніне ауысты. Нәтижесінде жұмыстан сұранатындар мен еңбекке жарамсыздық бойынша шығатындар азайып, ең жақсы қаржылық көрсеткішке ие болыпты.

Польша тұрғындары Еуропадағы ең жұмысбасты халық болып саналады. Десе де жұмыс барысындағы қателіктер мен жарақат алу деңгейі жоғары екен. Ал қысқартылған жұмыс уақыты көбірек демалуға, денсаулығына, отбасына және өзіне көңіл бөлуге көмектеседі.

Жұмыс берушілер өз кезегінде жұмыстан шаршамаған, өнімді қызметкерлерге ие болады дейді. 

Франция, Дания және Бельгияда да аптасына жұмыс уақыты – 35-38 сағат. Мысалы Францияда аптасына 35 сағаттық жұмыс режимі енгізілгеннен кейін ЖІӨ 81% өсті.

Пилоттық жобаға қатысқысы келетін компанияларға 1 миллион злот (100 миллион теңге) беріледі. Осы ақшаға олар ішкі тәртіп ережелерін өзгертіп, жұмыс уақытын есепке алудың цифрлық жүйелерін жасайды. Сондай-ақ сарапшы кеңестеріне жұмсай алады. 

Бастапқыда үш айлық дайындық кезеңі болады, одан кейін тәжірибелік тестілеу басталады. Пилоттық жоба 15 айдан 18 айға дейін созылады. Ол жұмыс уақытын қысқартудың әртүрлі нысандарын – сағат бойынша да, қосымша демалыс күндері бойынша да сынақтан өткізуге мүмкіндік береді.

Қысқартылған кесте демографиялық дағдарысқа да оң әсер етеді деген болжам бар. 

Еске салсақ, Астанада мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс уақыты өзгертілуі мүмкін екені айтылды. 

Қырмызы Скендирова
Сейсенбі, 24 Маусым, 2025 15:42
Талқылау