Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Аптап ыстық сақталып, найзағай ойнайды": Синоптиктер алдағы күнге арналған ауа райы болжамын жасады

Қазгидромет алдағы күнге арналған ауа райы болжамын жасады. Еліміздің бірнеше аймағында найзағай ойнап, өрт қауіпі сақталады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

найзағай

Қостанай облысында күн күркірейді. Аумақтағы ауа температурасы +36 градус.

31 шілдеде таңертең және күндіз Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық күтіледі.

31 шілдеде күндіз Жетісу облысының таулы аймақтарында найзағай күтіледі. Батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с. 31 шілде мен 2 тамызда күндіз облыстың басым бөлігінде 35-37 градус ыстық сақталады.

Елордада және Ақмола, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында төтенше өрт қаупі сақталады.

31 шілдеде Түркістан облысының тау асуларында оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады. Күндіз облыстың басым бөлігінде 40-41 градус қатты ыстық күтіледі.

Ақтөбе облысында күн күркіреп, 35 градусқа дейін ыстық болады.

Қарағанды ​​және Солтүстік Қазақстан облыстарына дауылды фронт келеді.

31 шілдеде Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Түнде солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстікте, облыстың шығысында 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 38-40 градус қатты ыстық сақталады.

Талқылау