Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Apple Siri-дің тыңшылық әрекеттері үшін клиенттерге өтемақы төлейді

Фото: Ru.freepik.com

Siri-ді қолданатын кез келген құрылғының иесі Apple компаниясына қарсы 95 миллион долларлық ұжымдық талап арыз шеңберінде өтемақы талап етуге құқылы. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі New York Post басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

"Лопес Apple-ге қарсы" деп аталатын талап арызда дауыс көмекшісі Siri-дің адамдарды аңдып, сондай-ақ кездейсоқ қосылып кетіп, олардың әңгімелерін жазып алғаны айтылған.

Айыптауға сәйкес, көмекші жеке әңгімені қолданушылардың "Сәлем, Siri" деген сөзін күтпестен жазып алған. Осылайша, 2021 жылы Фумико Лопес пен басқа да тұтынушылар Калифорнияның федералды сотына шағым түсірген. Олар жазылған әңгімелердің мейрамханалар мен брендтер сияқты үшінші тарап компанияларға берілгенін, салдарынан Apple Search пен Safari-де мақсатты жарнама көрсетілгенін мәлімдеді.

Заңнамалық хабарламаға сәйкес, "2014 жылдың 17 қыркүйек пен 2024 жылдың 31 желтоқсан аралығында Siri-ді қолданатын немесе сатып алған пайдаланушылар Siri жеке немесе құпия сөйлесу кезінде кездейсоқ қосылғанын байқаған" тұтынушылар енді өтемақы алу үшін талап арыз бере алады.

Талапкер алатын өтемақы мөлшері арыз берген адамдардың санына байланысты. Алайда реттеу сайтының мәліметінше, Siri бар бір құрылғы үшін өтемақы сомасы 20 доллармен шектеледі және сіз бес құрылғыға дейін өтінім бере аласыз, яғни ең жоғарғы өтемақы – 100 доллар.

Кейбір тұтынушылар талап нөмірі мен растау кодын көрсететін электронды хат немесе ашықхат алған болуы мүмкін. Осындай хат алғандар бұл ақпаратты пайдаланып, өтемақы алу үшін реттеу сайты арқылы талап арыз бере алады.

Айым Болатқызы
Сәрсенбі, 14 Мамыр, 2025 09:54
Талқылау