Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Apple өзінің жасанды интеллектін бұзғандарға 1 млн доллар сыйақы бермек

Apple корпорациясы өзінің жасанды интеллектін бұзғандарға бір миллион долларға дейін сыйақы төлеуге уәде берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Бұл туралы ақпарат компанияның сайтында жарияланды.

Компания мамандары жақын арада Apple Intelligence жасанды интеллект (AI) қызметі брендтің смартфондары, компьютерлері және басқа құрылғыларында жұмыс істей бастайтынын мәлімдеді. Осыған байланысты Apple хакерлер мен энтузиастарды сыйақы үшін сервисті бұзып көруге шақырды. Осылайша Apple қауіпсіздік құралдарының сенімділігін тексермек.

Компания пайдаланушылардың барлық сұрауы инновациялық құпиялық және қауіпсіздікпен қамтамасыз етілгенін атап өтті.


Қандай смартфондарға жасанды интеллект енгізілген және ол не істей алады


"Біз әрбір есепті ұсынылған дәлелдердің сапасына қарай бағалаймыз", – делінген компанияның хабарламасында. 

Apple компаниясы кодты еркін орындау арқылы қашықтан жасалған кибер шабуыл үшін ең көп – 1 миллион доллар төлеуді жоспарлап отыр. Ал пайдаланушылардың сұрау деректеріне қол жеткізе алған маман 250 мың доллар алады. Сертификатталмаған кодты орындаған адам 100 мың доллар, орналастыру немесе конфигурация мәселелеріне байланысты кездейсоқ немесе күтпеген жағдайда деректерді аша алған маманға 50 мың доллар беріледі.

Еске салсақ, бұған дейін жасөспірімнің жасанды интеллектпен сөйлескеннен кейін өзіне қол жұмсағаны туралы жазған едік.

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 29 Қазан, 2024 22:35
Талқылау