Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Apple қуатты Mac компьютерлерін шығаруға дайын

2023 жылдың күзі Apple компаниясы үшін шығарылымдарға толы болмақ. Қыркүйек айында компания жаңа iPhone телефондарын шығарып, Smart сағаттар желісін жаңартады. Ал қазан айында Apple Silicon жаңа буынының негізіндегі компьютерлердің тұсаукесері күтілуде. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Bloomberg басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Bloomberg тілшісі Марк Гурманның айтуынша, жаңа M3 чипі - iMac 24, MacBook Air 13 және MacBook Pro 13 сынды үш модельді алады. Алайда дизайнда айтарлықтай өзгерістер болмайды деп күтілуде.

Жаңа мәліметтерге сүйенсек, M3 чипі M2 сияқты ядролардың санына ие болуы керек. Алайда жаңа 3-нм процесіне өтуге байланысты өнімділігі мен тиімділігі артады. iPhone 15 Pro және 15 Pro Max / Ultra алатын жаңа Apple A17 процессоры да 3-нм процесінің көмегімен жасалады.

Жаңа Mac компьютерлері бөлек презентацияда немесе қарапайым пресс-релиз форматында ұсынылуы мүмкін. Бірақ, Apple әлі де шешім қабылдаған жоқ.

Сондай-ақ инсайдер 2024 жылы Apple iPad және 30 дюймдік үлкен iMac-те OLED-ге ауысуды жоспарлап отырғанын айтты. 

Талқылау