Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"АПОЭЛ"-мен тең түскен "Қызыл-жар" командасы Конференция лигасынан шығып қалды

Петропавлдың "Қызыл-Жар" клубы Кипрдің АПОЭЛ командасымен тең түсіп, УЕФА Конференция Лигасындағы жорығын аяқтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентттігі.

Қызыл жар

"Астана Аренадағы" қарымта ойында Әли Әлиев футболшылары Кипрдің АПОЭЛ командасымен 0:0 есебімен тең түсті. Алғашқы тайм қауіпті сәттермен есте қалмады. Алайда ойынның 63-минутында алаң иелері есеп ашуға мүмкіндік алған. Валерий Каршакевичтің баспен бағыттаған соққысы қақпаның жақтауына тиді. 

Апта бұрын Конференция Лигасының үшінші іріктеу айналымындағы алғашқы кездесуде кипрліктер өз алаңында 1:0 есебімен ұтқан еді. Нәтижесінде АПОЭЛ турнирдің плей-офф кезеңіне жолдама алды.

Айта кетейік, "Қызыл-Жар" өз тарихында тұңғыш рет еурокубок бәсекесіне қатысты. Ал екінші раундта қос матч нәтижесі бойынша Хорватияның "Осиегін" екі ойында ұтты.

Талқылау