Әпкеме жездем сай: Сивиді масқаралаған қара PR-дің авторы әншінің өз күйеуі болып шықты (видео)
Әпкеме жездем сай. Иә, қара пиар жасауда Сивидің жолдасы да, алдына жан салмайтын болып шықты. Қаланың қақ ортасында, қымбат көлікті талқандаған бикешке, кезінде осы идеяны ұсынған жары Аңсар екен. Отағасының бұл қылығын қалай түсінуге болады?
Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.
“Өзі сол пиарды да ұнатады. Маған неше түрлі идеялар айтады. Қазір неше түрлі идеялар айтып жүр. Қой, қой деп отырмын пиары құрысын деп. Пиарсыз да қазір нормально, живой пиарлар көп кетіп жатыр ғой негізі”, – дейді Сиви.
Иә, кезінде желіні дүр сілкіндірген дәл осы видеоның авторы да Аңсар екен. Жұбайын жарнамалауда қол қусырып қалмайтын отағасы, қара пиарды қолданудың қас шебері дерсіз…
“Осы пиарға да инициатор болған, автор идеи осы күйеуім. Сол күйеуімнің машинасы сол мен ұрған қара машина. Ринат әшейін отыр рөлде. Ринаттың машинасы мүлдем бөлек «Камри». Ол жолдасымның машинасы, өзі беріп көлігін, сондай жертваға барды мен үшін, әйелі үшін”, – дейді Сиви Махмуди.
Сивидің сөзіне сенсек, жолдасы бұл жоспарын жүзеге асыру үшін ұзақ уақыт әзірленіпті. Тіпті, қымбат көлікті талқандамас бұрын, техникалық жөндеу орталығындағы таныстарын да құлағадар қылып қойған көрінеді.
“Сразу СТО-ға алып кетті ғой. СТО-ға звондап қойыпты, қазір соғылып келемін дайындалып, күтіп отырыңдар деп”, – дейді Сиви.
Иә, соңғы уақытта отағасының белсенділігі анық байқалады! Көк жәшіктен жиі көрініп, тіпті Сивидің клипінде басты рөлді сомдаған Аңсар, бәлкім отандық шоу-бизнестің өкілі атанудан үмітті шығар..?
“100 пайызға кіріп кете алмайды ғой енді. Бірақ, 20-30 пайыз мен үшін ғана ғой, рухани, арасында маған керек кезде… Керек кезде шақырып аламын, өзі келіп сөйлесіп береді бәрімен”, – дейді Сиви Махмуди.
Жіберіп алмаңыз:
Бүркіт пен Аиша шетелде түсірген кезекті бейнебаяндарын ұсынды (видео)
Артур Төлепов інісінің тойында сүйіктісіне ұсыныс жасады (видео)
Асылхан Төлепов өзінің той күнінде жетім балаларға дастархан жайды
Ғазизхан: “Зың-зың” әнінің авторы сыныптасым, жертөледе жұмыс істеп денсаулығынан айырылды