Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Апалы-сіңлілі қыздарды қағып кеткен трамвай жүргізушісі екі айға қамауға алынды

Павлодар қаласындағы №2 сот апалы-сіңлілі қос жеткіншекті қағып кеткен трамвай жүргізушісін қамауға алу туралы шешім шығарды, деп хабарлады ҚазАқпарат. 

nhfvdfq rfrrfy rsplfh

«Сот «көлік құралын басқарушы тұлғаның абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы ережелерін бұзуы» бабы бойынша қылмыстық құқықбұзушылық жасауда айыпталушыға қатысты жаза қолдану шараларын таңдау туралы материалдарды қарап шықты, – деп мәлімдеді судья Әсет Сүлейменов. – Соттың шешімімен трамвай жүргізушісіне екі айға қамауға алу түріндегі жаза белгіленді»

30 жастағы трамвай жүргізушісі 8 қараша күні бостандыққа шығады. Сотта жас әйелдің 6 жасар қызы бар екені айтылды.

Полицейлердің сөзінше, сотқа дейінгі тергеу амалдары әлі жүргізіліп жатыр. Ал жүргізушіні қамауға алу туралы ұсыныс полиция тарапынан түскен, оны прокурорлар қолдаған.

Бүгін таңертең трамвай астына түсіп, қаза болған Махаббат Масгутты жерлеу рәсімі өтті. Жеткіншекпен қоштасуға туған-туыстары мен сыныптастары келді.

Оқи отырыңыз:

Шахтинскіде психикалық ауытқуы бар 7 жасар оқушы мектептен қашып кеткен

8-қабаттан құлап мерт болған Тілеугүлдің жақындары тергеудің сылбыр жүріп жатқанына алаңдаулы

Павлодарлықтар трамвай қағып өлтірген қыздың отбасына жабылып баспана алып бермек

Жаңаөзенде мектеп ұстаздары мен ата-аналар хиджаб үшін дауласып жатыр

Талқылау