Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әнуар Жұмаділдаев қазынашылық комитетін басқаратын болды

Әнуар Жұмаділдаев қаржы министрлігі қазынашылық комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы үкімет басшысының баспасөз қызметі мәлім етті.

Әнуар Серқұлұлы Жұмаділдаев 1965 жылы 22 қыркүйекте Қызылорда облысы, Чили ауылында дүниеге келген.

1990 жылы Лумумба халықтар достығы университетін математик мамандығы бойынша бітірді. 2006 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетін қаржыгер мамандығы бойынша бітірді.

2005-2009 жылдар аралығында БҚО Салық комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді, ДСД МФ Ақпараттық және телекоммуникациялық инфрақұрылымды және ақпараттық қауіпсіздікті бақылау бөлімінің бастығы, ҚМ Салық комитетінің алкоголь, темекі және басқа да акцизделетін өнімдерді басқару бөлімінің бастығы, Салық комитетінің акциздерді әкімшілендіру бөлімінің бастығы лауазымдарын атқарды.

2012 жылдан бастап 2015 жылға дейін қаржы министрлігінің салық комитетін басқарды, содан кейін қаржы министрлігі қаржы бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 03 Тамыз, 2020 09:13
Талқылау