Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әнуар Нұрпейісов қайда": Айнұр Ілиясова бейбіт митингіге шақырды

Айнұр Ілиясова бейбіт митингіге шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Нұрсұлтан Құрманның арнасына сілтеме жасап.

Әнуар Нұрпейісов қайда: Айнұр Ілиясова бейбіт митинге шақырдыТанымал актриса халыққа бас салып, көшеге шығып ұрандамай-ақ, хат жазып, пікір білдіріп, қалаған нәрсемізге қол жеткізіп көрейік деп ұсыныс айтты. Екі ойлы болып жүрген өнер иесі ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін түсіну қиын болып кетті дейді. Ол халыққа білімді болу керек екенін жеткізді.

"Негізі барлығын дұрыс жасау керек. Бір нәрсе ұнамаса, хат жазайық, аппелияцияға берейік. Біз хайуан сияқты шықсақ, бізге  де хайуан сияқты қарайды. Өйткені біз үкіметтен бір нәрсе талап ету үшін, өзіміз дайын болуымыз керек. Шыны керек, қайсысы дұрыс деп ойландым", - деп ойланып жүргенін айтты Айнұр Ілиясова. 

Сонымен қатар, актриса Әнуар Нұрпейісовты тілге тиек етткен. Желіде жоғалып кеткен актердің қазіргі жағдайы ешкімге белгісіз екенін айты ол. Қазіргі таңда бейбіт митингіге рұқсат берілді, сондықтан, жасаған әр қадамымызды заң жүзінде орындайық дейді актриса. 

"Митингіге шығу керек па? Митингіге шықсақ, Әнуар Нұрпейісов қайда қазір? Ол өзі шықты ма, ақша үшін бе түсініксіз. Шықсаң, басыңды кесіп алады, шықпасаң мәселе көп. Мүмкін бейбіт митинг арқылы шешетін шығармыз. Ашығын айтса, шатасып қалдым. Шықсақ та ештеңе өзгермейді, бірақ бұлай өмір сүруге болмайды", - дейді Айнұр Ілиясова.

Талқылау