Әнуар Нұрпейісов Қазақстанда белең алған «шала қазақ» ұғымына қарсы шықты (видео)
Сингапур елінде саяхаттап жүрген Әнуар Нұрпейісов кезекті сапарының қызықтарымен, көрген-білгенімен бөлісуде. Танымал актер Сингапур елінің жастарын, олардың білімге, спортқа деген құштарлығын сөз етіп, отандастарын солардан үлгі алуға шақырды. Бұдан бөлек, Нұрпейісов Сингапур халқының бір-бірімен көбінесе ағылшын тілінде сөйлесетінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz.
Осы арқылы актер Қазақстанда белең алған «шала қазақ» ұғымына қарсы шықты. Оның айтуынша, Сингапурда өзара ағылшынша тілдесетін этникалық қытайларды ешкім де «шала қытай» деп сөкпейді.
«Достар, Сингапур – мемлекет емес, ол басқа планета. Еуропа мен АҚШ-тан кейін Сингапур расында да таңғалдырады. Бұл елде негізінен этникалық қытайлар мекендейді. Байқағаным, олар өз араларында көбінесе ағылшын тілінде сөйлеседі. Әрине, кейбіреулер керемет сөйлей алмайды. Бірақ жалпылама алғанда ағылшын тілінің деңгейі өте жоғары. Ең қызығы оларға ешкім де: «Әй, шала қытай, қытайша сөйлемейсің бе?» – деп айтпайды. Тіпті, заманауи Сингапурдың негізін қалаған ұлы реформатор Ли Куан Юдің өзі туған қытай тілінен қарағанда ағылшын тілін жақсы меңгерген. Мұнымен не меңзеп тұр дейсіздер ме? Жай айта салайын деп едім», – дейді Нұрпейісов.
Жіберіп алмаңыз:
Жұрт Айсәуле Бақытбекке «анасының көшірмесі» деп баға берді
Оқырмандар желілік маркетингке шақырған Айнұр Тұрсынбаеваға ұрсып тастады
Балғынбек Имашев: Күйеусіз өтсе де қызымды қытайға бермес едім (видео)
Қытай тілінде ән айтқан Қайрат Нұртас жұрттың ашуына тиді (видео)