Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әнуар Нұрпейісов болашақ жарына оқуға кеңес беретін 3 кітапты атады

«Казақстан аруы» байқауынан басталған шу әлі де басылған жоқ. Ол қыздарды жасандылықтан арылуға шақырған болатын. Ал өзінің сүйіктісі кім және қандай болуы керек деген сұрақ барлығын мазалады. Осы орайда отандық басылымдардың бірі аталған тақырыптарға қатысты одан сұхбат алуды жөн көрген екен.

огрнп

Бұл туралы “Іkerim.kz” басылымында жазылды.

– Сәлем Әнуар, қалыңыз қалай? Әңгімемізді сол шудан бастасақ… Конкурстан кейін де өзіңіздің қарсылықтарыңызды әлеуметтік желілерге жолдап жатырсыз. Осылай ашынып кетуіңізге не себеп болды?

– Біріншіден, өткен жылғы конкурстың нәтижесі. Өкінішке орай, біздің халқымыздың талғамы, яғни, қалауы – әдемі, көрікті, алайда бірде-бір кітап оқымаған қызғ түсті. Әрине, мен үшін бұл дөрекі оқиға болды. Сондықтан мен осы жылы да кітап туралы сұрақ қойдым. Бірақ кішкене күрделендіріп қойған болдым. (Күрсініп) Осы конкурсқа қарап біз бір тұжырымға келе аламыз. Демек бүгінгі күннің қыздары ақылды болуға, не шебер болуға тырыспайды. Әдемі болу керек деген трендті ғана ұстанып жүр. Яғни, бүкіл жинаған қаражатын, отбасының немесе оның болашақ күйеуінің ақшасын тек өзінің әдемілігіне жұмсап, тек қана соған инвестиция салып жатыр. Ал сол қаражаттың кем дегенде жартысын оқуына, тіл үйренуге, болмағанда шетелге баруына жұмсаса, пайдасы болады ғой. Негізі менің өмірлік ұстанымым әрқашан шыншыл, шынайы болу.

Өзің қандайсың, сондай болуың керек. Сондықтан қыздардың еріндерін, кірпіктерін жалған жасап алғанын мен көзбояушылық деп санаймын. Олар өздерінің «өтірік бейнесімен» қоғамда өмір сүріп жүр. Ондай жандардан қандай шындық күтуге болады. Өйткені қандай мықты дәрігер жасаса да, бәрі көрініп тұрады ғой. Қазір қатты білінбеуі мүмкін, бірақ уақыт өте көрінеді. Ол жерде айтқан сөзім тек конкурсқа қатысқан қыздарға ғана айтылған жоқ.

Адамның әдемі немесе басқаша болуы оның кінәсі емес қой. Ол табиғаттың бергені. Ал ақылды болу, еңбекқор болу, жетістікке жету адамның жасаған еңбегінің жетістігі. Сондықтан менің ызам келетіні неге қыздар осындай конкурсқа барғанда өзінің ілімін, білімін дамытпайды?

– Ендеше сіздің жарыңыз қандай үш кітапты оқуы керек?

– Негізі менің ішкі дүниемді түсінуі үшін үш кітапты оқу жеткілікті. Ол біріншіден, Грегори Дэвид Робертстің «Шантарам» шығармасы, сосын Малкольм Гладуэллдің «Гений и аутсайдеры», соңғысы «Чайка по имени Джонатан Ливингстон» деген Ричард Бахтың еңбегі. Егер осы үш кітапты оқып алсаңыз, менің осы мақалада айтылған сөздерімнің кем дегенде жартысын түсіне аласыз.

– Екі жыл сол байқаудың ішінде жүрдіңіз ғой. Сондай конкурстар халықтың түсінігінде «сатылады», немесе «крышасы» мықты болуы керек деп жатады.

– Ол жайында мен сізге ештеңе айта алмаймын. Өйткені маған ешкім ақша берген жоқ, ешкім ұсынған жоқ. Сондықтан білмеймін.

– Байқауда ешбір қыз көңіліңізден шықпады ма?

– Менің көңілімнен шығатындай, шын талантты бағалайтындай мүмкіндігім болған жоқ қой. Мысалы, өнер көрсету турында бәрі фонограммамен ән айтып шықты. Оны қалай бағалайсыз? Қалай? Ол жерде қыздарды салыстыруға менің физикалық түрде мүмкіндігім болмады. Жәй қарап отырдық. Бәрі жалған нәрсе.

– Қыздардың несіне көңіліз толмайды?

Меніңше, біздің қыздарымыз денсаулыққа аса көңіл бөлмейді. Мысалы, әдемі көріну үшін, жылы киінбейді. Аязды күні көріп, «мына бейшара қыз қалай бір колготкимен жүр?» деп аяйсың. Екіншіден кальян, темекі, алкогольді ішімдіктерді қолданады. Бұрын қазақтың қызына жат нәрселер, бүгінде бізге үйреншікті болып кетті.


Жіберіп алмаңыз:

“Мисс Қазақстан” байқауының қатысушылары: еліміздің ең сұлуы аруы атағына кім лайық (фото)

Динара Сәтжан мерекелік шараларға Әнуар Нұрпейісовты қатыстырмауға шақырды

Әнуар Нұрпейісов Қазақстан аруларын жасанды кірпік пен бес тонна бояудан бас тартуға шақырды (видео)

Асхат Садырбай «Қазақстан аруы» байқауына қарсы шықты

Кәмшат Жолдыбаева: Жеңіл ақша табу үшін өзін-өзі сататын әншілердің қатарына кірмеймін

Талқылау