Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында екі бірдей полиция подполковнигі пара алу кезінде қамауға алынды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Жамбыл облысындағы шенді полиция қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғағанын растады. Олар пара алу кезінде ұсталған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: gov.kz

Күдіктілер есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл саласында басшылық қызметте болған. Ақпарат бойынша олар Жамбыл облысының полиция подполковнигі Қожабеков Бауыржан мен Шонбасов Ғалымжан. 

Бүгінде полиция басшыларына қатысты тергеу жүріп жатыр.

“Иә, Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жамбыл облысы ПД есірткі қылмысына қарсы күрес жөніндегі ауданаралық бөлімі бөлімінің басшыларына қатысты соталды тергеу жүргізіп жатқанын растаймыз. Өзге ақпараттар қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес жарияланбайды”, – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарламасында.

Қылмыстық істің мән-жайын Михаил Козачков Telegram-арнасында жариялады.

“2024 жылы 6 сәуірде белгісіз азамат Жамбыл облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаментіне есірткіні заңсыз сақтаған полиция басқармасындағы лауазымды тұлғалардың қылмыстық жауапкершілікке тартылмағаны туралы айтып, арыз жазды. Бауыржан, Ғалым есімді полиция қызметкерлері одан 5 миллион теңге ақша талап еткен. Сол күні аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды”, – деп жазды ол.

ҚК-тің 366-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы (Пара алу) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

“Азаматтың шағымынан кейін Жамбыл облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері жасырын тергеу жүргізді. 8 сәуір күні сағат 18:00 шамасында Шу қаласы, Сейфуллин көшесі, Жайсаң-6 ғимаратының маңында полиция подполковнигі Б.С.Қожабеков ұсталды. Тінту барысында одан арнайы химиялық ұнтақпен таңбаланған 2 миллион теңге көлемінде қаражат табылып, тәркіленді. Полиция подполковнигі Ғ. Т. Шонбасов өз үйінде ұсталды”, – делінген хабарламада.

Талқылау