Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жемқорлыққа қарсы қызмет қаржы вице-министрінің ұсталғаны туралы ақпаратты жоққа шығармады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қаржы вице-министрі Руслан Еңсебаевтың ұсталғаны туралы мәліметті растамады, бірақ жоққа да шығарған жоқ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 


Жақында әлеуметтік желілерде қаржы вице-министрі Руслан Еңсебаевтың ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Бұл туралы әлі ресми растау жоқ. Егер бұл шын болса, вице-министр қандай қылмыстық іс бойынша күдікті болып отыр? - деген сұраққа сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов жауап берді. 
"Мен бүгін нақты қылмыстық істерді, нақты тергеулерге түсініктеме бергім келмейді. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының талаптары бар. Сондықтан қазіргі уақытта ақпарат жария етілмейді", - деп жауап берді Бектенов орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
Вице-министрдің ұсталғаны туралы ештеңе айта алмайтынын, бұл мәселеге түсініктеме бере алмайтынын жеткізді Бектенов.
Бұған дейін yedilov Online телеграмм-арнасында қаржы вице-министрі Руслан Еңсебаев қылмыс жасады деген күдікке ілінгені туралы ақпарат көздеріне сілтеме жасап хабарлама пайда болған. Телеграм-арна қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде (СДТБТ) тіркелгенін бекітеді.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 21 Желтоқсан, 2020 18:14
Талқылау