Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Антикор Amanat депутатының жүздеген тендер жеңуіне қатысты тексеріс жүргізеді

әділ жұбанов

Фото: Әділ Жұбанов Facebook

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "БатысАльянсСтройдың" шенеуніктерге қатысы бар-жоғын тексермек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

30 маусымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың ресми өкілі Данияр Бигайдаров мердігер компанияның мәжіліс депутаты Әділ Жұбановпен және Атырау облысы әкімінің орынбасарымен ықтимал байланыстары зерттеліп жатқанын мәлімдеді.

“Мониторинг және келіп түскен сигналдарды талдау барысында мемлекеттік сатып алуларға, бюджет қаражатын төлеуге және облыстың мемлекеттік органдарымен жасалған шарттарды орындауға қатысты ықтимал бұзушылықтар анықталды. Бұл деректер тіркеліп, Атырау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жіберілді”, – деді Биғайдаров.

Сондай-ақ ол қазір мәжілісте мүдделер қақтығысын реттейтін заң жобасы қаралып жатқанын еске салды. Егер ол қабылданса, мұндай жағдайларға заңнамалық деңгейде тосқауыл қою керек.

Бұған дейін Әділ Жұбанов таралып жатқан ақпаратты шындыққа жанаспайды деді. Ол ақпараттық шабуыл оның бірқатар заңнамалық бастамалардағы белсенді ұстанымымен және жекелеген мемлекеттік органдарды сынауымен байланысты болуы мүмкін деп болжаған.

Өз кезегінде облыс әкімі Серік Шәпкенов өзінің орынбасары Қайрат Нұртаев пен Мәжіліс депутаты Әділ Жұбановқа қатысы бар компанияға тағылған айыптарға қатысты пікір білдірді.

Еске салсақ, Amanat партиясы депутаты Әділ Жұбановтың компаниясы Атырау облысында 140 тендер ұтып алғаны айтылды. "БатысАльянсСтрой" ЖШС мемлекеттік тапсырыстарға белсенді қатысады. 2016 жылдан бері компания мемлекеттік органдармен жалпы сомасы 15,2 миллиард теңге болатын 141 келісімшарт жасаған. Келісімшарттардың көбі облыстағы қалалық және ауылдық әкімдіктермен байланысты. Алайда Amanat партиясы мұнда тұрған ештеңе жоқ екенін мәлімдеді.

Қырмызы Скендирова
Сейсенбі, 01 Шілде, 2025 11:35
Талқылау