Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Антикор Әлеуметік медициналық сақтандыру қоры басшының орынбасарына қатысты тергеуді бастады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басшысының орынбасарына қатысты тергеу бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

аурухана сток

Фото: pixabay.com

Агенттік төрағасының орынбасары Дархан Құрақбаев бұл істің қаржы жымқыруға қатысты екенін айтты. 

“Іс Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарының еміне жұмсалған қаржыны жымқыруға қатысты. Қазір тек аталған лауазымды тұлға тергеу мүддесі үшін қызметінен шеттетілгенін айта аламын. Тергеу жүріп жатқандықтан өзге ақпаратты жария ете алмаймын”, – деді Құрақбаев сенат кулуарында.  

Дегенмен Антикор өкілі қор төрағасы орынбасарының есімін атамады. Ақпанда әлеуметтік желіде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан тергеу аясында құжаттар тәркілегені айтылған еді.

Айта кетейік, ӘМСҚ басқарма төрағасы лауазымын Светлана Пономарева, ал орынбасарлары – Сәуле Тәжібаева, Ғалымжан Әбілов және Индира Серікова атқарады. Олардың үшеуі өмірбаянынан ШҚО-да тек Әбіловтың жұмыс атқарғанын көруге болады. Ол 2024 жылдың шілдесіне дейін ӘМСҚ төрағасының орынбасары тағайындалғанша 2022 жылдан бастап қордың Абай саласындағы филиалын басқарды. Ал 2019 жылдың тамызынан бастап ӘМСҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры болды.

Талқылау