"Антиген тесттердің бағасын мемлекет реттемейді": Денсаулық сақтау министрі жедел тесттердің неліктен қымбат екенін түсіндірді
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният елімізде коронавирусты анықтауға арналған жедел тесттердің неліктен қымбат екенін түсіндіріп берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ажар Ғинияттың сөзінше, жедел тесттер дәрі-дәрмек санатына жатпағандықтан, бағаны мемлекет реттемейді.
"Қазіргі бағаны нарықтың өзі айқындап отыр. Яғни баға нарыққа байланысты. Ал ДДСҰ бойынша келген тесттерді жабық ұйымдарда қолданып отырмыз", – деді ол.
Министрдің айтуынша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы арқылы алынған жедел тесттер тек медициналық ұйымдарды қолданылып жатыр.
"Сонымен қатар науқас ауыр жағдай түсіп, шұғыл жағдайда оның коронавирус жұқтырған-жұқтырмағанын анықтау үшін қолданылуда", – дейді Ажар Ғиният.
Қазақстандық ер адам егіз қызы мен ұлын зорлады деп айыпталды: Анасы бірнеше жылдан бері әділдікке жете алмай жүр
Қылмыстық іс 6 рет тоқтатылған екен
"Көзқарастары ескі, жас мамандарды төмендетеді": Қазақстандық жас мұғалімдер үлкен буынмен жұмыс істеудің қиындығын айтты
Ал көпжылдық тәжірибесі бар мұғалімдер зейнет жас мәселесін қайта қарастырсын дейді