Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Анталияда жүрген Арман мен Аша отбасылық суреттерін көрсетіп, елді тебірентті (фото)

Бел ортасына келген 2017 жыл Арман Қоңыр мен Аша Матай үшін сәтті басталды. Өткен жылдың аяғында отандық эстрададағы ең әдемі жұп алғаш рет ата-ана атанса, биылғы жылдың басында жеке бизнесті қолға алды. Ал жақында арман отандық киім брендінің ресми өкілі атанды. Ашаның айтуынша, Қазақстанда бұған дейін бірде бір танымал ер азамат мұндай жетістікке жетпеген.

арман мен аша 250717

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Бизнес пен шығармашылықты қатар дамытып, елдің сүйіспеншілігіне бөленген жұп бірнеше күн бұрын аналары мен бауырларын ертіп, демалысқа аттанды. Ал қос өнер иесінің жұмысбасты әкелері демалысқа уақыт таба алмаған ұқсайды.

20393544_1718224171816873_3797173422388150272_n

Арман мен Аша қазіргі уақытта Түркияның ең әсем шахарларының бірі Анталияда демалып жатыр.

20347507_489968291343370_6618205335079354368_n

Күні кеше Арман да, Аша да желіге отбасылық суреттерін жүктеп, көпті сүйсінтті. Алайда жұлдызды жұп әлі күнге дейін Асылымның бет-жүзін көрсетуге асығар емес. Олар сәбилерінің бетін жасырып қойған. Арманның оңтүстіктің тумасы екенін ескерсек, бұл заңды құбылыс секілді. Өздеріңіз білетіндей, оңтүстікте ырым-тыйымдар қатты сақталған. Ал дана халқымыз қашан да сырт адамның тілі мен көзінен сақтанған.

Жіберіп алмаңыз:

Медеу Арынбаев болашақ келіні жайлы бар шындықты ашып айтты

Николас Кейдж шапан киіп тұрып қазақстандықтарға үндеу жолдады (видео)

Әнші Ғазизхан: Қайраттың отбасын жасырып жүргені дұрыс екен

Айнұр Тұрсынбаева отырып қалған қыздарға орынсыз сұрақ қоймауға шақырды

 

Талқылау