Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Анталия әуежайында өгей қызын жалғыз тастап кеткен Қазақстандық әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Анталияның әуежайында төлқұжатсыз қалып қойған 15 жастағы қазақстандық қыз бүгін елге оралды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Оның айтуынша, кәмелетке толмаған баланы бөтен елде қалдырып кеткен сенімді өкіліне қатысты қылмыстық іс қозғалған. 

"Қызым Қазақстанған жетті. Қазір ол үйге көлікпен келе жатыр. Бізге ҚР Сыртқы істер министрлігі көмек көрсетті. Ол туристермен бірге қонақүйде болды", – деп түсіндірді жасөспірімнің анасы.

Оның сөзіне қарағанда, Консулдық баланың елімізге сапарлауы үшін анықтама берген. Осы құжат арқылы ол Қазақстанға аттанды. 

"Біздің министрлік өкілдері қызымды ұшақтың бортына дейін апарып, мінгізді. Осы орайда Сыртқы істер министрлігі қызметкерлері баламның кіммен, қашан және қалай баратынын тыңғылықты нақтылап берді", – деді Несіпбаева.

Түркияда оқшаулауға жатқызылған қыздың әкесі бұл оқиғаның мән-жайынан хабардар екен. Сонымен қатар бұрынғы күйеуінің қазіргі зайыбымен Асыл Несіпбаева байланысқа шыққан.

"Мен оны әуежайда қарсы алдым. Оны жауапқа тартуға қатысты полицияға шағым түсірдім. Сағат 18:35 кезінде ол елге ұшақпен келді. Сол жерден оны бірден полицияға жеткізді. Полиция мені жәбірленуші ретінде тіркеді. Аталған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды", – деді баланың анасы.

Оның атап өтуінше, қыздың өгей анасы бұл жағдайда баланың өзі төлқұжатын жоғалтып алғанын айтып ақталған.

"Біз Томиристі (қыздың есімі) күтіп отырмыз. Одан осының мән-жайын толық сұрастырамын", – деді Асыл Несіпбаева.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жақында 15 жастағы қазақстандық қызды сенімді өкілі Түркиядағы Анталияның әуежайында қалдырып кеткен.

Белгілі болғандай, аталған сенімді өкіл қыздың әкесімен азаматтық некеде екен. Олар Түркиядан Қазақстанға аттанар алдында жеткіншектің паспорты жоғалғаны анықталды.

Ақберен Амангелді
Дүйсенбі, 16 Тамыз, 2021 14:15
Талқылау