Әнші Жазира Байырбекова өзіне гаухар тасты сырға алмақ болған ақшасын балалар үйіне берді
Әнші Жазира Байырбекова желіде жарнама жасау арқылы тапқан ақшасына гаухар тасты сырға алғысы келген екен. Қажетті қаражат жиналғанда, әнші ақшасын өзіне қыймай, балалар үйіне жұмсады, деп хабарлайды Stan.kz.
Әнші Жазира Байырбекова желідегі оқырмандарына ренжіп жүрген сыңайлы. Әншінің айтуынша, көпшілік одан неліктен қайырымдылық жасамайтынын сұраса, бірқатары жасаған қайырымдылығын жариялауының себебін сұрап, сынайтын көрінеді.
«Мен жолдасымнан басқа ешкімге есеп беруге міндетті емеспін. Дегенмен, 1,5 миллион адамның біразы неге қайырымдылық жасамайсыз десе, біразы неге қайырымдылық жасағанды жария етесіз дейді. Көпшіліктің xаттарын елемей, жазбағандай, ойға алмай жүруді үйрене алмай-ақ қойдым. Халықтың адамы болған соң, xалық бізді еркелетіп жүрген соң, біз де xалықтың орынды,орынсыз сындарына сабырлықпен қарауға міндеттіміз…», – дейді Жазира Байырбекова.
Десе де көпшіліктің сынын көңіліне жақын қабылдайтын әнші бұл жолы гаухар тасты сырға алмақ болған ақшасын балалар үйіне беруді жөн көргенін айтты.
«Қазір инстаграмм арқылы жарнама жасап беруімізді сұраушылар көбейді. Біз ақша төлегеннің бәріне келісе бермейміз. Ол сапалы зат па, xалыққа пайдасы бар ма қараймыз. Отандық өнім болса, қуана-қуана жасаймыз. Жарнамадан түскен ақшаға өзіме гауxар тасты сырға алып тақсам деп ойлағам. Өйткені гаухар тас әйел адамға күш береді деп естідім. Шынын айтайын, жарнамадан соған жететін қаржы жинадым да, дүкенге бардым. Ойланып тұрып, өзіме ақшаны қимай қалдым. Дүкеннен шығып кеттім де, ақшаны балалар үйіне жұмсадым. Егер қайырымдылық жасағыңыз келсе міндетті түрде балалар үйі емес,жұмыс істеуге денсаулығы жарамайтын жағдайы төмен отбасыларына,мүмкіндігі шектеулі жандарға барсаңыздар да болады. Ендігі табысты жұмсайтын жерім ойымда кезек күтіп тұр. Гауxар тастарым күте тұрар», – деп жазды әнші Instagram желісіндегі парақшасында.
Өз кезегінде желі қолданушылары әншінің әрекетін қолдап, өзгелерді «біреудің қалтасындағы ақшасын санамауға» шақырды.
Оқи отырыңыз:
Қайрат Нұртастың жұбайы енесі туралы бар шындықты жайып салды
Төреғали Төреәлі өзі құрметтейтін ел азаматтарының есімін атады
“Спарта” КВН командасы жеңіске жеткен финалдық ойынның видеосы жарияланды (видео)
Белгілі айтыскер ақындар Сәкен Майғазиевке арнап жарыса өлең жазып жатыр
Атышулы Дәурен Айдарқұлов: Мекке шаһарына баруды жоспарлап отырмын