Әнші Жазира Байырбекова күйеуі емес, ұлының тегін алғысы келетінін айтты
Әнші Жазира Байырбекова тегін ауыстырғысы келіп жүрген сыңайлы. Бірақ ол күйеуі Жанболат Ербатыровтың емес, ұлының тегін алғысы келеді екен, деп хабарлайды Stan.kz.
Әншінің айтуынша, ол тұрмыс құрғанда енесі Жанболат екеуінің құжаттарын алып, неке туралы куәлігін өзі жасатқан екен.
«Біз үйленгенде тегімді ауыстыру туралы ойламаппын. Өйткені апам (енем) Жәкең екеуміздің құжаттарымызды алып шығып кетті де, неке туралы куәлікті өзі әкеп берген. Ол кезде тегіңді ауыстырасың ба, әлде өзіңнің тегіңде қаласың ба деп менен ешкім сұрамайтын да заман болған әулетімізде. Менің тегімді ауыстыру үшін тағы біраз құжаттарды ауыстыру керек болған соң, өз тегімде қалдырғанын айтты. Апам: «Артық жұмыстары болмаса, ауыстыра салар едім», – деді.
Бүгінде жолдасым Жанболат Ербатыров, ұлым Қазбек Кожаxметов, мен Байырбекова, үшеуміздің тегіміз үш түрлі.
Мен ойлана келе күйеуімнің емес, ұлымның тегіне өтсем деп отырмын», – деп жазды Жазира Байырбекова Instagram желісіндегі парақшасында.
Оқи отырыңыз:
Қарақат Әбілдинаға баласының тұсауын кескізбек болған аналар ренжіп жүр
Гаухар тастан шашу шашқан: Отандық продюсер еліміздегі ерекше тойлар туралы айтып берді
Қайрат Нұртасты жапондарша қарсы алған Гүлзира Айдарбекова сын астында қалды (видео)
Қазақ қызы Моңғолияда түсірілген фильмде басты рөл сомдады (фото)