Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртасты жапондарша қарсы алған Гүлзира Айдарбекова сын астында қалды (видео)

Танымал әнші Қайрат Нұртас Жапонияның Токио қаласында саяхаттап келген еді. Әншінің анасы ұлының шетелде аман-есен келгеніне қуанып, жапондарша қарсы алды. Десе де ол бұл әрекетімен желі қолданушыларын ашуландырып алған сыңайлы, деп хабарлайды Stan.kz.

Жапониядан келген Қайрат Нұртасты жапондарша қарсы алған Гүлзира Айдарбекова жұрттың сынына ілікті. Оған әншінің анасының жапондарша сәлемдесуі ғана емес, жанындағы қызды жұлқылағаны да себеп болған еді.

Ал әншінің анасының өзі көмекшісін жұлқыламағанын, керісінше үстіндегі киімін көрсету үшін алға қарай тартқанын айтып ақталды.

«Баламыз аман-есен елге жетіп, қуанып жатырмыз. Қатты күліп қойдыңыз демеңіздер. Осылай көңіл көтеріп тұрамыз қуанғанда. Аман келгеніне қуаныштан жүрегім жарылуға шақ.

Жапондық киіммен алдынан қарсы аламыз деген Мираның идеясы. Оның жапондық киімін көрсетейін деп алға тартып жатқаным жұлқылағандай болып қалыпты. Видеомызды көріп, өзіміз де күлдік. Мира 23 жасынан жанымда, тура өз қызымдай болып кеткен.Видеоны отбасымызға жіберуге түсіргенбіз. Мираны тартқылағаным қызық түскен соң, сіздерді бір күліп алсын деп жолдап отырмыз», – деп жазды Гүлзира Айдарбекова Instagram желісіндегі парақшасында.

 

Баламыз аман-есен елге жетіп,қуанып жатырмыз. Қатты күліп қойдыңыз демеңіздер, осылай көңіл көтеріп тұрамыз қуанғанда.Аман келгеніне қуаныштан жүрегім жарылуға шақ…👌😍😘✊ Мираның идеясы ғой,жапондық киіммен алдынан қарсы аламыз деген.Жапондық киімін көрсетейін деп алға тартып жатқаным, жұлқылағандай болып қалыпты. Видеомызды көріп, өзіміз жатып күлдік😁Мира 23 жасынан жанымда, тура өз қызымдай болып кеткен.Видеоны отбасымызға жіберуге түсіргенбіз, Мираны тартқылағаным қызық түскен соң, сіздерді бір күліп алсын деп жолдап отырмыз. Күліп жүрейік👌😘@mirra_01

Публикация от Gulzira Aidarbekova (@gulziraaidarbekova)

Ал желі қолданушылары Гүлзира Айдарбекованың бұл әрекетін жақтырмай қалды. «Екеуінің қимылдары ерсілеу», «Қасындағы қызды сонша жұлқылайтындай не көрінді?», «Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді. Жапондарша амандасудың не қажеті бар?» – деп сынап жатты желі қолданушылары.

Оқи отырыңыз:

Қазақ қызы Моңғолияда түсірілген фильмде басты рөл сомдады (фото)

Баян Сұлудың рөлін сомдаған актриса тұрмысқа шыққалы жатыр (видео)

Айсәуле Бақытбек: Бақытты әйел маған жағымсыз пікір жазады деп ойламаймын

Төреғалидің экс-продюсері әншімен арадағы дауға қатысты алғаш рет пікір білдірді

Талқылау